Солтүстікқазақстандық ауыр атлет Айдар Қазов Қытайдың Фучжоу қаласында өткен халықаралық Гран придің үшінші тұғырынан көрінді.
77 килограмға дейінгі салмақта өнер көрсететін Айдар серпе көтеруде – 155 килограмды, ал жұлқи көтеру сынында 192 килограмды бағындырды. Қос сайыстың нәтижесі бойынша 347 килограмды басынан асыра көтерген қазақстандық қола жүлдені қанжығасына байлады.
Естеріңізге сала кетейік, ауыр атлетикадан өтіп жатқан Гран при – Рио-де-Жанейрода жалауын желбірететін Олимпиада ойындарының іріктеу сыны.
Қанат АТАМАНОВ,
“Солтүстік Қазақстан”.