Қожанасыр бір күні әбден шөлдеген соң су алып ішпек болып, түнде құдыққа барады. Құдыққа қауға салып тартса, шықпайды. “Бұған не болды?” – деп үңіліп қараса, құдықтың түбінен ай көрінеді. “Ә, қауғам айға ілініп қалған екен ғой”, – деп Қожа жұлып тартып қалғанда, қауғасы шығып кетеді, өзі шалқасынан түседі. Жерге басын соғып, есеңгіреп қалған Қожанасыр әлден уақытта көзін ашса, ай аспанда тұр. Сонда Қожекең қуанып:
– Не болса, о болсын, айды аспанға бірақ шығардым-ау! – депті.