«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АЙЛЫҚ АЯҚТАЛДЫ

Өңірде қарттар мен мүгедектерді қолдау айлығы қорытындыланды.

Дәстүрлі шара барысында биыл 10 мыңнан астам қарт адамға қаржылай қолдау көрсетілді. Ұйымдар мен мекемелер қайырымдылық сенбіліктерін өткізуден түскен қаражатты қарттарды қолдауға жұмсады. Сонымен қатар Петропавлда қала бюджетінен арнайы бөлінген 1,5 млн.теңге қаржыға зейнеткерлерге отын-көмір, дәрі-дәрмек сатып алынды. Айлықтың аяқталуына орай қалалық мәдениет үйінде арнайы концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

Жалпы облыс бойынша 100 мыңнан астам зейнеткер мен мүгедек жан есепке алынған. Олардың 27 мыңдайы облыс орталығында тұрып жатыр.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp