«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АЙЛЫҚ БАСТАЛДЫ

Ресми мәліметке сүйенсек, бүгінгі таңда елімізде 700 мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі адам тұрады. Ал біздің өңірде ерекше білім беру қажеттілігі бар 4 мың оқушы және 2 мыңға жуық мүгедек бала бар. Қарттар мен мүгедектерге қолдау көрсету айлығы аясында Петропавл қаласындағы Оқушылар сарайында мерекелік шара ұйымдастырылды. Басты қонақтар – мүмкіндігі шектеулі балалар.

Айлықтың мақсаты ерекше білім беруді қажет ететін және мүгедек балалардың мәселелеріне қоғам назарын аудару, сонымен қатар оларға барынша көмек көрсету. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мүмкіндігі шектеулі жандар қоғамға тез бейімделуі үшін осындай шараларды жиі ұйымдастырған дұрыс. Себебі, мұндай жиындарда олар өздерімен қатарлас оқушылармен жақынырақ танысып, жаңа достар табуға мүмкіндік алады. “Біз, қарапайым адамдар, осы балаларға көмек қолын созып, оларды өзіміздің қатарымызға қосуға тырысуымыз қажет. Себебі, мұндай жағдай кез-келген отбасында болуы мүмкін. Осы айлық аясында біз үйден шыға алмайтын балалардың отбасына барып, қажет заттармен қамтамасыз етуге тырысамыз”, – деді облыстық білім басқармасының бас маманы Наталья Сербина.

http://petropavltv.kz

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp