«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АЙТЫЛҒАН ӨТІНІШ ОРЫНДАЛАДЫ

“Qyzyljar – adaldyq alańy” жобалық кеңсесінің кураторы, облыс әкімінің орынбасары Руслан Әлішев тұрғындарды қабылдады. Қабылдауға Петропавл қаласы әкімдігінің өкілдері, денсаулық сақтау басқармасының, Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті облыстық департаментінің, мемлекеттік еңбек  инспекциясы басқармасының мамандары  қатысты. 

Алғашқылардың бірі болып келген зейнеткер Нашраф Гарифова зейнетақысы қымбат дәрілерді  сатып алуға жетпейтінін айтып, шағымданды.

– Алдымен емханаға барып, тексерістен өтіп, есепке тұру қажет. Қазіргі таңда елімізде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізілді. Осы жүйе аясында қатерлі ісікке шалдыққандарға дәрі-дәрімек тегін беріледі, – деді Руслан Әлішев.
Ал Семей ядролық полигонынан зардап шеккен бір топ солтүстік-қазақстандық мәртебелері айқындалмағандықтан әлеуметтік жеңілдікке қол жеткізе алмай жүргендерін айтты. Облыс әкімінің орынбасары бұл мәселе республикалық деңгейде талқыланып жатқанын және өңірімізде  жұмыс сапарымен жүрген Парламент Мәжілісінің депутаттарына осы өтініштерін айтуға болатынын жеткізді.
Осындай қабылдаулар тұрғындардың түйінді мәселелерін шешуде  тиімділігін көрсетуде.  Түскен арыз-шағымдарды жобалық кеңсенің менеджерлері жан-жақты тексеріп, тиісті шараларды қабылдайды және оның орындалу барысын қатаң бақылауға алады.

 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp