«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Айшықты оқиғалар

1991 жылы 25 қазанда Қазақстан Президентінің Жарлығымен Мемлекеттік Қорғаныс комитеті құрылды. Кейін республиканың қорғаныс мәселелерін толық түрде жеке шешуге көшуіне байланысты Қорғаныс комитеті Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі болып қайта құрылды.

***

1992 жылдың 7 мамырында тәуелсіз елдің заңдық құқықтарының негіздеріне және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы елдер арасындағы қол жеткен келісімдерге байланысты Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығы шықты. Бұл Жарлық бойынша Қазақстан аумағына орналасқан Қарулы Күштер өздерінің мүліктерімен қоса, республиканың қарауына өтті. Жоғарғы Бас қолбасшы ретінде Қарулы Күштерді басқаруды Президент өз мойнына алды. Қорғаныс министрі болып генерал-полковник Сағадат Нұрмағамбетов тағайындалды. Бұл Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің құрылған күні болып белгіленгендіктен, “7 мамыр – Отан қорғаушы күні” деп жарияланды.

***

Аталған жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен үш жүйелі штаб – жаяу әскерлер, әуе қорғанысы күштері мен әскери-теңіз күштерінің бас штабтары бекітілді. Аэроұтқыр күштерге Жоғарғы Бас қолбасшының резерві құзыры берілді.

***

2001 жылдан Қазақстан 4 әскери – Орталық, Оңтүстік, Батыс және Шығыс округтерге бөлінді.

***

Бүгінгі күні Қазақстан өз азаматтарының әскери қызмет атқаруының жағдайы мен тәртібін дербес анықтайды, өз аумағында әскерлердің, қару-жарақтың және техниканың орналасу мәселесін шешеді. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне жалпы мақсаттағы күштер, әуе-қорғаныс күштері, мемлекеттік шекараны қорғау күштері және де Ұлттық гвардия мен ішкі әскерлер кіреді. Өз кезегінде Қарулы Күштер түрлі бөлімдерден және әртүрлі құрамалар мен арнайы әскерлерден тұрады.

***

Еліміз Тәуелсіздігін алғаннан кейін егемен мемлекетіміздің азат ойымен өткен тарихы мен тағдыры таразыланып, бүгінгі заман талабына сай жаңаша баға берілді. Соның нәтижесінде ұлттық Отан қорғаушы күні өмірге келді. Бұл – қазақ тарихының жаңа бір белесі, Қазақ елінің өзін-өзі басқаруының, өзін-өзі қорғай алатындығының, күш-қуатының сипаты.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp