«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АЙШЫҚТЫ СӘТТЕР

Әлем чемпионатының барлық жүлдесі (алтын, күміс, қола) алты футболшыда бар. Бесеуі Германиядан. Олар: Майер: Беккенбауэр, Грабовски, Хеттгес, Оверат. Біреуі Италиядан. Ол – Франко Барези.

Бапкер ретінде әлем чемпионатында ең көп ойын өткізген жаттықтырушы Хельмут Шен (ФРГ, Германия). 1966-1978 жылдары оның командасы 25 ойынға қатысқан.

Жаттықтырушы ретінде командасы көп ойында жеңіске жеткен тағы да сол Хельмут Шен. Оның кезінде ФРГ құрамасы 16 кездесуде ұтқан. 

Витторио Поццо бапкер ретінде екі дүркін әлем чемпион атанған жалғыз жаттықтырушы. Ол Италияға 1934-1938 жылдары әлемнің алтынын алып берді (Бұл рекордты қайталауға биыл Сколаридың мүмкіндігі бар).

Әлем чемпионатының финалдық кезеңіне бес құраманы бастап барған жалғыз бапкер – Бора Милутинович. Сербиялық жаттықтырушы Мексика, Коста-Рика, АҚШ, Нигерия, Қытай құрамаларымен бірге қатысқан.

Әлем чемпионатындағы ең нәтижелі құрама – Венгрия – 1954 жылы Пушкаш пен Кочиш бастаған жігіттер 5 ойында 27 доп соққан ( әр ойында орташа 5,4). 

Жалпы, бұл Швейцариядағы чемпионат өте нәтижелі аяқталған. Барлық 26 ойында 140 доп соғылған (1 ойында 5,38 доптан).

Ең көп доп соғылған ойын – Австрия-Швейцария – 7:5.

Бір құраманы ойсырата ұту жағынан – Венгрия-Корея 9:0 (1954), Югославия-Заир 9:0 (1974), Венгрия- Сальвадор 10:1 (1982).

Ал, доп аз соғылған чемпионат – 1990 жылғы біріншілік. Барлығы 52 матчта 115 доп (1 ойында 2,23 доптан).

Ең көп доп соғылған чемпионат – 1998 жылғы әлем біріншілігі (171 доп). 

Әлем чемпионы атанған қақпашылардың ең аз доп жібергендері: Фабьен Бартез (Франция) – 1998 (2), Джанлуиджи Буффон (Италия) – 2006 (2), Икер Касильяс (Испания) – 2010 (2).

Паскаль Цубербюлер (Швейцария) – 2006 жылы бірде-бір доп жіберген жоқ. 1/8 финалға дейін жеткен.

(Өз тілшімізден).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp