«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АЙШЫҚТЫ ҚОЛТАҢБА

Сәбит Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада фотосуретші Олеся Сергееваның алғашқы көрмесі өтті. Автор көрермен назарына соңғы үш жылда салған туындыларын ұсынды.

– Мен – пианист әрі дирижёрмін. Мамандығым бойынша бірнеше жыл жұмыс істеген соң, бұл менің бағытым емес екенін түсіндім. Фотосуретке құлшынысымды балаларым оятты. Мен олардың әр қадамын, күлкісін, қылықтарын суретке түсіруді жақсы көретінмін, – дейді Олеся Сергеева. Сәтті кадрлардың сырын аша түскен Олеся фотоны қалай әрлейтінін де айтты. Өз ісінің озық мамандарынан сабақ алып, тәжірибесін шыңдаған. Әрқашан қолдау көрсететін әріптестері Александр Кухтицкий, Павел Зацарный, Сергей Лось сияқты әріптестеріне алғысын білдірді.

Суретші алдағы уақытта “Qween” образ студиясымен бірігіп жұмыс істеуді жоспарлап отыр. Көрмеге келгендер оның туындыларына жоғары баға берді. Облыс тұрғындары мен қала қонақтары көрмені бір ай тегін тамашалай алады.

Алина НҰРТАЗИНА, “Soltústіk Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp