Облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнаманың халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы талаптарын бұзған Петропавл қалалық әкімдігінің лауазымды тұлғасына қатысты әкімшілік іс қозғады.
Кодекстің 425 бабы бойынша лауазымды тұлғаларға 230 айлық есептік көрсеткіш (638940 теңге) мөлшерінде айыппұл салу көзделген. Аталмыш әкімшілік іс бойынша құқық бұзған лауазымды тұлға өзінің әрекетін мойындап, айыппұлды өтеуге келісім берді.
Бүгінгі таңда облыстық тауарлар мен көрсетілген қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы кодексінің 425 бабы бойынша 283 хаттама толтырды. Соның ішінде 242 хаттама жеке тұлғаларға қатысты болды. Айыппұлдардың жалпы сомасы 17 миллион теңгеден астам.
Самат БАРМЕНБАЕВ,
облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің бөлім басшысы.