«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АЙЫБЫҢДЫ АЙТАЙЫН

Ұмытып тілін, дінін, шыққан тегін,
Қазағымның көбейткен “мәңгүрттерін”.
Халқымның жер бетінен аты өшсін деп,
 Жырымдап, тілімдеген туған жерін.
 
Секілді бұ халқымды басынғаны,
Осыған жаным сонша ашынғаны.
Қазақтың қазақ болмай қойдай жуас,
Өзгенің табанында жаншылғаны.
 
Алып тынып ардақты мен сыйлысын,
Тұншықтырған жақсылар мен игісін.
Дегендейін басы болмай бәсі жоқ,
Қалғанына қара түнек бұйырсын.
 
тілім жатыр тамырынан қырқылып,
Жанарымда жасым одан сыр тұнып.
Туған жұртым қалмасын деп іркіліп,
Жан жүрегім жүр ғой менің жыртылып.
 

 

Назгүл ӨТЕНОВА.
 
 
 
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp