Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің бұйрығымен бекітілген электр қуатын пайдалану қағидаларының орындалуы маңызды. Сонда көрсетілгендей, энергия беруші немесе өндіруші ұйым желісіне электр қуаты қабылдағыштарын өз еркімен жалғағандарға және электр қуатының коммерциялық есепке алу құралдарынан басқа электр қабылдағыштарын қосқандарға ескерту жасамай, қуат беру қызметін тоқтатады.
Мәселен, биылғы 4 мамыр күні петропавлдық бір тұрғынның үстінен желіге заңсыз қосылу және электр қуатын пайдалануы бойынша әкімшілік іс қаралды. Сот бұл әрекетті құқық бұзушылық деп бағалап, Қазақстан Республикасы Әкімшілік кодексінің 144-бабы 1-бөліміне сәйкес әкімшілік жазаға тартып, 50 айлық есептік көрсеткіш (113 450 теңге) көлемінде айыппұл салды.
Ерікбай НАРМҰРАТОВ.
атомдық және энергетикалық
қадағалау мен бақылау
комитеті аумақтық
департаментінің басшысы.