Облыс полицейлері абаттандыру ережелерін бұзудың екі мыңнан астам фактісін анықтады.
Сонымен қатар, полицейлер ұйымдардың, кәсіпорындардың, дүкендер мен тұрғын үйлердің иелеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, оларға іргелес аумақтарды тәртіпке келтіру қажеттілігі туралы ескертуде. Петропавл қаласындағы кәсіпкерлердің біріне дүкеніне іргелес аумақты жинамағаны үшін 20 мың теңге айыппұл салынды. Жалпы әкімшілік заңнамамен 600 мың теңгеге дейін айыппұл салу қарастырылған.
Нұрбек БАЕКИН,
облыстық ішкі істер департаменті
баспасөз қызметінің жетекші маманы.