
Облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті тарапынан тұрғындардың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заңнама талаптарын бұзған Петропавл қалалық әкімдігінің лауазымды тұлғасына қатысты әкімшілік іс қозғалды.
Кодекстің 425-бабы бойынша лауазымды тұлғаларға 230 айлық есептік көрсеткіш (638940 теңге) мөлшерінде айыппұл салу көзделген. Аталмыш әкімшілік іс бойынша құқық бұзған лауазымды тұлға өзінің әрекетін мойындап, айыппұлды өтеуге келісім берді. Бүгінгі таңда облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» кодекстің 425-бабы бойынша 283 хаттама толтырды. Соның ішінде 242 хаттама жеке тұлғаларға қатысты болды. Айыппұлдардың жалпы сомасы 17 миллион теңгеден астам.
Сурет: https://krisha.kz/