Петропавл қаласының тұрғыны көлігін 5 минуттан артық қыздырамын деп айыппұл арқалағаны белгілі. Облыс прокурорлары салынған айыппұлды алып тастады. Қадағалау органы талдау барысында Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің талаптары өрескел бұзылғанын анықтады.
Петропавл қалалық полиция басқармасының лауазымды қызметкері облыс орталығының тұрғынына қатысты кодекстің 1-бөлігінің 597-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттама жасаған. Бұл – көлік құралын 5 минуттан артық қыздыру ережелерін бұзу фактісіне қатысты хаттама.
«Полиция қызметкері әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі жүргізу барысында хаттама жасау кезінде процестік бұзушылықтарға жол берді және құқық бұзушының кінәсінің дәлелдерін таппады. Петропавл қаласы прокурорының наразылығы бойынша полиция органының әрекеті заңсыз деп танылды. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 597-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізу құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты тоқтатылды», – делінген облыстық прокуратура таратқан хабарламада.
Әсет ҚАНАФИН.