«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АЙЫППҰЛ ТӨЛЕУДЕГІ ЖЕҢІЛДІК

Үстіміздегі жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңа әкімшілік заңнамаға байланысты заң бұзғандар айыппұлды хаттама толтырылған сәттен 7 күннен кешіктірмей төлейтін болса, жартысын ғана өтейді.

Жол қозғалысы ережелерін бұзған облысымыздың 397 тұрғыны осы мүмкіндікті пайдаланған. Айыппұл төлегендердің арасында жүргізушілер де, көшені белгіленген жерден кесіп өтпей, ережені бұзған жаяулар да бар.

Егер әкімшілік заң бұзушылықты автоматты режімде жұмыс істеп тұрған арнайы бақылау-өлшеу құралдары түсіріп алса, айыппұл толық көлемде төленеді.

Ольга ШИЯН,

облыстық ішкі істер департаменті

 баспасөз қызметінің инспекторы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp