«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АЙЫРТАУЛЫҚТАР – “ЖҮЗДЕН ЖҮЙРІК”

“Өрлеу” біліктілікті арттыру ұлттық орталығы” АҚ “Солтүстік Қазақстан облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты” филиалы қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдері арасында облыстық “Жүзден жүйрік” байқауын өткізді.

Байқау барысында ұстаздар өздерінің кәсіби сауалнамаларын толтырып, пән бойынша сауаттылығын анықтайтын сынақтан өтіп, авторлық бағдарламаларының жобасын қорғады, “Жаңашыл идеялар жәрмеңкесінде” озық жобаларын ұсынып, сайысты.  

Байқау қорытындысында Айыртау ауданының қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдерінің жұлдыздары жанды. І орынды Имантау орта мектебінің мұғалімі Досжан Нұрсейітов пен Егіндіағаш негізгі мектебінің мұғалімі Диана Зораева иеленді. ІІ орын иегері болып Өскен негізгі мектебінің мұғалімі Сәния Ақыпова танылса, ІІІ орынды Кирилловка орта мектебінің мұғалімі Әлия Сейтқалиева мен Бірлестік орта мектебінің мұғалімі Алмагүл Белгібаева бөлісті.

Балжан БАЙМАҒАМБЕТОВА,

аудандық білім бөлімінің әдіскері.

Айыртау ауданы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp