«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АЙЫРТАУЛЫҚ НӘРЕСТЕЛЕРДІҢ КІНДІК АНАСЫ

Айыртаулық Светлана Оразалина медицина саласындағы өмірінің 24 жылын акушерлік іске арнаған. Аталмыш ауданның орталық ауруханасында қызмет ететін оны “Айыртаулық сәбилердің кіндік анасы” деп толықтай атауға негіз бар. Себебі, ол аурухананың перзентхана бөлімшесінде қызмет етіп келеді. Осы жылдар ішінде ол талай нәрестені қабылдап алған.

Светлана Сарбаевна Көкшетау қаласындағы медициналық колледжді акушер мамандығы бойынша тамамдаған. Қызметін қазіргі Ғ.Мүсірепов атындағы ауданның бұрынғы Рузаевкадағы ауруханадан бастаған.

Светлана Оразалина ұлының да медицина саласында еңбек етуін қалағанын жасырмайды. Анасының айтқанын орындауды мақсат тұтқан ұлы Асхат Оразалин биыл Астана қаласындағы медициналық университетке түсті.

Бірінші санатты медицина қызметкері Светлана Оразалина қазіргі таңда аудандық аурухана жанындағы емхананың аға медбикесі болып еңбек етуде.

Бақытжан ЖОЛДАСҚЫЗЫ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Суретті түсірген Талғат ТӘНІБАЕВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp