
Облыс орталығындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде академиялық адалдық саясаты енгізілгені белгілі. Енді осы тәжірибені жалпы білім беру ұйымдарына енгізу көзделіп отыр. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық департаментінің басшысы Ернар Баянғазиннің айтуына қарағанда, «Қызылжар – адалдық алаңы» жобалық-кеңсесі аясында мектеп және колледж оқушылары «Академиялық адалдық саясатын» сақтау жөніндегі келісімге қол қоюда.
– Өңір мектептеріне академиялық адалдық саясатын енгізгенімізбен, одан ешқандай нәтиже жоқ. Назарбаев зияткерлік метебінде бұл талапты бұзғандарды оқудан шығарса, жалпы білім беру ұйымдарында жағдай басқаша, – дейді Ернар Баянғазин. Сол себепті, Білім және ғылым министрлігі жанындағы «Адалдық алаңы» жобалық-кеңсесіне жалпы білім беру мектептерінде академиялық адалдықты сақтамаған оқушыларға ықпал ету тетігі көрсетілген балама келісім жасау жөнінде ұсыныс жіберілді. Бүгінгі таңда білім саласындағы ашықтық пен жариялылықты қамтамасыз етіп, тұрмыстық сыйбайлас жемқорлықты төмендету мақсатында мектеп директорларының кабинеті бірінші қабатқа көшірілген. Осылайша, білім беру ұйымының басшылары ата-аналарға жақын болып, ішкі жағдайды қадағалап отырады.
Сурет /bilimdinews.kz сайтынан алынды.