Петропавл қаласында акробатикадан ел чемпионаты өтуде. Біріншілікке еліміздің 7 өңірінен келген 160 спортшы қатысуда.
Жарыстың бас төрешісі Ринат Белоноговтың айтуынша, спортшылар жекелей, жұптық және топтық бағдарламалар бойынша сынға түсуде.
– Біріншілік үш күнге созылады. Жарыс бағдарламасына сәйкес, спортшылар күнде бір жаттығудан сынға түседі. Соңында нәтижелер жинақталып, ортақ көрсеткіш шығарылатын болады. Осылайша, жеңімпаз команда анықталады. Қазіргі уақытта үміткерлер қыз бен қыз және ұл мен қыз болып жұптасып өнер көрсетуде. Сондай-ақ, кілең қыздар мен ұлдардан жасақталған топтар да бар, – дейді Ринат Белоногов.
Біріншілік жеңімпаздары қазан айында Өзбекстанда бастау алатын Азия чемпионатында өңір және ел намысын қорғайтын болады.