Облыс орталығында жастар мен жасөспірімдер арасында спорттық акробатикадан ел біріншілігі аяқталды, деп хабарлады облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Анна Пенькова.
Аталмыш додаға Павлодар, Екібастұз, Ақсу, Алматы, Тараз, Шымкент, Қарағанды, Өскемен және Петропавл қаласынан 150-ден астам балғын спортшы қатысып, төрт жас тобында сайысқа түсті. Жарыстың қорытындысы бойынша 16 жасқа дейінгі топта қызылжарлық Кирилл Молодецкий және Антон Ямпольскийдің ерлер жұбы топ жарды. Ал 13-19 жас тобында Александр Зотов пен Анастасия Бейсембаеваның аралас жұбы жеке жаттығуларда екі мәрте жеңімпаз атанды.
Қанат АТАМАНОВ,
“Солтүстік Қазақстан”.