Ресейде КСРО-ның спорт шебері Юрий Зикуновтың жүлдесі үшін акробаттық жолақ пен батутта секіруден бүкілресейлік жарыс өтті. Оған 18 команда, 210 спортшы қатысты. Байрақты додада жеңімпаз атануға таласқан гимнасшылардың арасында 11 қызылжарлық спортшы да болды.
Атап айтқанда, Виталий Дель (акробаттық жолақ, алтын), Александр Зотов пен Анастасия Бейсембаеваның (спорттық акробатика, күміс) аралас жұбы және Александр Шашков (акробаттық жолақ, қола) топ жарып, жүлделі орындардан көріне білді.
Қанат АТАМАНОВ,
“Солтүстік Қазақстан”.