
Мағжан Жұмабаев ауданының орталығы – Булаево қаласындағы жаңа стадионда дәстүрлі “Ақ бидай – 2019” жазғы спартакиадасы өтті. Төрт күнге созылған сайыс барысында аудандардан келген 2500-ден астам спортшы волейбол, футбол, баскетбол, үстел теннисі, еркін күрес, веложарыс, жеңіл атлетика сияқты спорттың 15 түрі бойынша сайысқа түсті.
Шараның ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Руслан Әлішев қатысып, спортшылар мен жанкүйерлерді құттықтады.
– 1980 жылы облысымызда алғаш рет ауыл спорты ойындары өтті. Осылайша, еліміздің барлық өңірлері бізден үлгі алған еді. Ал бір жылдан соң бұл сайыс Мағжан Жұмабаев ауданында тағы ұйымдастырылды. Мұндай спартакиадаларда ауылдың талантты жастары шыңдалып, үлкен жарыстарға жолдама алады. Биылғы “Ақ бидай – 2019” жазғы ойындарына қатысқан спортшылар арасынан болашақта облыс, ел атын шығаратын атақты азаматтар шығады деген ойдамын, – деді Руслан Қанатханұлы.
Осымен жиырма үшінші рет ұйымдастырылған дәстүрлі дода жайлы толығырақ газетіміздің ертеңгі нөмірінен оқи аласыздар.