«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АЛАШ АМАНАТЫН АРҚАЛАҒАН

Өңіріміздегі қазақ баспасөзінің қарашаңырағы – “Soltústіk Qazaqstan” газетінің 100 жылдық мерейтойы қарсаңында облыс әкімі Құмар Ақсақалов “Қызылжар-Ақпарат” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Жарасбай Сүлейменовті қабылдады. Бұл туралы өңір басшысы өзінің “Facebook” әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.Қазақ халқының тағдырлы тарихы, жарқын жетістігі газеттің сарғайған парақтарында сақтаулы. Ұлт зиялыларының елдік үшін егеске, мемлекеттілік үшін күреске түскен кездегі мақалалары да осы басылымда жарық көрді. Қазіргі таңдағы алдына шырақ етіп ұстанған басты мақсат-мұраты – Тәуелсіздігімізді бекемдеуге, ел ішіндегі бірлік пен ынтымақты нығайтуға қызмет ету.

Кездесу барысында облыс әкімі Құмар Ақсақалов Алаш зиялылары негізін қалаған басылымның алдағы уақытта да халқымен бірге жасап, талай белесті бағындыратынына сенім білдірді.
– “Soltústik Qazaqstan” газетінің мемлекеттік саясатты насихаттауда және қоғамдық пікір қалыптастыруда алар орны бөлек. Тарихы бай басылымның журналистері солтүстікқазақстандық оқырман қауымға сапалы әрі өткір мақалаларын әрдайым ұсынып келеді”, – деді Құмар Ақсақалов.
Өңір басшысы Алаш аманатын абыроймен арқалаған ұжымға деген ізгі тілегін, азаттық үшін арпалысқан қайраткерлерге деген құрметін осылай білдірді.
Басылым басшысы Жарасбай Сүлейменов газет заман ағымына сай өсіп-өркендеп, талғамы биік шығармашылық ұжым қалыптасып, мазмұны мен шеберлігі жағынан жаңа серпінге ие болғанын айтып өтті.

Арайлым БЕЙСЕНБАЕВА, “Soltústіk Qazaqstan”.
Суретті түсірген Талғат ТӘНІБАЕВ.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp