«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АЛАЯҚТАРДАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗДАР!

Екі күндік «Контрафакт» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында өңір полицейлері 10 қылмыстың бетін ашты. Оның бесеуі – алаяқтықтық, қалғаны – авторлық және сабақтас құқықты бұзу, заңсыз жолмен ақпаратқа қол жеткізу деректері. Облыстық полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері 300 мың теңгеден астам қаржыны алдау арқылы иемденген 34 жасар петропавлдықты ұстады.

Ер адам таныстарынан облыс орталығының бір тұрғыны анасына шетелде қымбат ота жасату үшін ақша жинап жатқанын естиді. Телефон арқылы хабарласқан ол клиника таңдау және дәрігерлермен байланысуға қатысты ұйымдастырушылық мәселелерді шешуге көмектескісі келетінін, ота үшін алдын ала төлем жасау керектігін айтады. Ақша карточкасына түскеннен кейін ер адам байланысқа шықпай қояды. Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде ол полицейлердің қолына түсті. Қазіргі уақытта қала тұрғыны тергеу изоляторына қамалып, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуе.
Сондай-ақ, облыстық полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Петропавл қаласының тұрғындарына қатысты интернет-алаяқтық жасаған Алматы облысының 27 жасар тұрғынын анықтады. Жарнама беру сайтында ол автокөлік бөлшектерін сататыны туралы хабарландыру орналастырып, кейін оны жеткізіп беру үшін алдын ала төлемді алып алған соң, ұшты-күйлі жоғалған. Күдіктінің жүрген жері анықталды. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.   

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp