«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АЛАЯҚТАРДЫҢ АЛДАУЫНА ТҮСПЕҢІЗДЕР

“Солтүстік Қазақстан тарату электр желісі компаниясы” АҚ-ы Петропавл қаласында 2015 жылы электр қуатының автоматтандырылған коммерциялық есебі жүйесін (АСКУЭ) енгізу бойынша жұмысты жалғастырады. Осыған байланысты энергетиктер электр қуатын тұтынушыларды аталмыш шараны өз мақсатына пайдаланушы тұлғалардың тарапынан алаяқтық фактілері жасалуы мүмкіндігін ескертеді.

“Солтүстік Қазақстан ТЭК” АҚ-да өткен 2014 жылдың өзінде ғана Петропавл қаласында және Бескөл ауылында кәсіпорынның инвестициялық бағдарламасы қаржысы мен Еуропалық қайта құру және Даму банкінің (ЕҚДБ) займына тұтынушылардың бөлшек сауда нарығының 13 мыңнан астам есептегіш құралы қойылды. АСКУЭ жұмысының қағидаты абоненттер есептегіштерінен автоматты түрде көрсеткіштер алумен және оларды интернет-байланыс арқылы электр желісі компаниясының серверлеріне жіберумен түйінделеді. Сөйтіп, энергетиктер электр қуатының шығынын азайтады, деректерді алу үрдісін және тәулік бөліктері бойынша электр қуаты үшін әртараптандырылған есептемесін жеңілдетеді.

Энергетиктер жүргізіп жатқан жұмыстарға байланысты соңғы кездері алдау жолымен белгіленген төлемге АСКУЭ есептегіш құралдарын одан әрі орнату үшін үй қабаттарындағы жәшікшелерде дайындық жұмыстарын жүргізуді ұсынатын белгісіз адамдардың тарапынан алаяқтық жасау оқиғалары жиілеп кетті. Әрине, ақша алғаннан кейін алаяқтар ешқандай жұмыс жүргізбестен зым-зия жоғалады, ал тұтынушылар материалдық шығын шегеді.

Мұндай жағдайларға ұрынбас үшін “Солтүстік Қазақстан тарату электр желісі компаниясы” АҚ-ы Петропавл қаласының тұрғындарына АСКУЭ-ні енгізуге байланысты жұмыстың тек электр желілік компанияның мердігерлік ұйымдарының күшімен жүргізілетінін, бұл ретте желі құрылғыларын монтаждау үшін тұтынушылардан ешқандай төлем алынбайтынын хабарлайды. АСКУЭ-ні орнату жөніндегі бүкіл жұмыс компанияның инвестициялық қаржысына жүргізіледі.

Құрметті Петропавл қаласының және Солтүстік Қазақстан облысы аудандарының тұрғындары! Қырағылық және сақтық танытыңыздар! Белгісіз электршілердің күдікті қызметіне төлем жасамас бұрын олардың біліктілік куәліктерінің бары-жоғын тексеріңіздер. АСКУЭ қондырғыларын қою аясындағы “Солтүстік Қазақстан тарату электр желісі компаниясы” АҚ-ы 2015 жылы электр қуатының есептегіш құралдарын ауыстыруды жоспарлаған мекенжайлар туралы қосымша ақпаратты 31-42-40, 31-42-92 телефондары бойынша біле аласыздар.

Игорь ТАТАРЧЕНКО,

“СевКазЭнерго” АҚ-ның жұртшылықпен байланыс жөніндегі бөлімінің қызметкері.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp