«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АЛАЯҚТАРДЫ ЗАҢ АЯМАЙДЫ

Жақында облыстың 40 жастағы тұрғыны ұсталды. Ол 1999 жылдан бастап, 2014 жылға дейін жәбірленушілерге 100 миллион теңгенің шығынын келтірген.

Өзін кәсіпкермін деп таныстырып, адамдардың сеніміне кіріп, үлкен көлемде қарызға ақша алып отырған. Тергеу барысында оның жапа шеккендерге ақшасын қайтаруды ойына да алмағаны анықталды. Петропавл қалалық сотының шешімімен күдікті 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айрылды.  

Осыған орай жерлестерімізге мына жайларды ескерте кеткіміз келеді. Шарт пен басқа да келісімдер жасамас бұрын сол тұлға туралы толық ақпарат алып, оның іскерлік беделіне көз жеткізіңіз. Себебі, алаяқтар бөтеннің сеніміне кіріп, оның мүлкіне ие болуды көздейді. Ал телефон алаяқтарының таңдауы көбіне егде жастағыларға түседі. Өздерін құқық қорғау органының қызметкерімін деп таныстырып, олардың жақындарын қылмыстық жауапкершілікке тартпау үшін ақша бопсалайды. Мұндай жағдайда бейтаныс адамға сенгеннен гөрі полицияға хабарласып, істің мән-жайын анықтаған жөн.

Динара САҒЫНДЫҚОВА,

облыстық ішкі істер департаменті баспасөз

 қызметінің аға инспекторы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp