«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АЛАЯҚТАР АЛДАП КЕТПЕСІН

“СевКазЭнерго” АҚ Петропавл қаласы мен облыс аудандары тұрғындарына “Солтүстік Қазақстан тарату электр желісі компаниясы” АҚ-ы және “Петропавл жылу желілері” ЖШС-і қуат жеткізуші ұйымдары электр және жылу қуатының тұтынушыларына техникалық шарттардың Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қатаң сәйкес тегін және делдалсыз беретіні туралы кезекті рет хабарлайды.

“СевКазЭнерго” АҚ-ға “Солтүстік Қазақстан тарату электр желісі компаниясы” АҚ-ның және “Петропавл жылу желілері” ЖШС-нің желілеріне қосылған кезде техникалық шарттарын алу үшін “көмекшілер” деп аталатын делдалдар қызметтерін пайдаланған кәсіпкерлерден аты-жөндері көрсетілмеген шағымдар түсуде.

“Көмекшілердің” іс-әрекеті барынша қарапайым: техникалық шарттарды алуды жылдам ұйымдастыруға болатынына кәсіпкердің көзін жеткізе отырып, айталық, 300 мың теңге ақы төлеуге сенімхат алады да, осы бағыттағы жұмыстың жүргізілу үрдісінің өтіп жатқанын көрсетуге тырысады.

Алаяқтар қуат беретін кәсіпорындардан құжаттар пакетін алардан бұрын тапсырыс берушіге техникалық шарттарды алу үшін ірі сома көлемінде “қолға қыстырар” қажет болатынын, әйтпесе құжаттарды ала алмайтынын хабарлайды. Әдетте, кәсіпкерлер делдалдардың бұл шартына келіседі. Сөйтіп, бұл сома да алаяқтардың қалтасына түседі.

“СевКазЭнерго” АҚ-ы кәсіпкерлерді және қала тұрғындарын қырағылыққа шақырады – делдалдардың энергетикалық кәсіпорындардың жұмысына ешқандай қатысы жоқ және “Солтүстік Қазақстан тарату электр желісі компаниясы” АҚ-ы мен “Петропавл жылу желілері” ЖШС-нің желілеріне қосылған кезде басымдықтарға ие емес. Техникалық шарттарды беру тегін және делдалсыз жүргізіледі.

Электр және жылу желілеріне қосылған кезде, сол сияқты қажетті құжаттар тізімін алу үшін барлық өзін қызықтыратын сұрақтары бойынша тұтынушының тұтынушыларға қызмет көрсету орталығына (ТҚО) хабарласуы қажет. Ол Петропавл қаласы, Жамбыл көшесі, 215 “А” үйі мекенжайында орналасқан, оның №1 терезесі (электр қуатына қосылу жөніндегі техникалық шарттар) немесе №12 терезесі (жылу қуатына қосылу жөніндегі техникалық шарттар) дүйсенбіден бастап, жұмаға дейін сағат 10.00-ден 16.00-ге дейін жұмыс істейді.

Техникалық шарттарды берген кезде заңнама бұзушылық аңғарылған жағдайда бірден 31-41-22 (электр қуаты бойынша), 52-27-32 (жылу қуаты бойынша) немесе 31-43-82, 31-43-24 сенім телефондары бойынша хабарласуларыңызды сұраймыз.

“Орталық Азия электроэнергетикалық корпорациясы” АҚ (www.caepco.kz) холдингіне енетін “СевКазЭнерго” АҚ-ның сайтындағы (www. sevkazenergo. kz) “Баспасөз орталығы” бөлімінде “Жемқорлықпен күрес жөніндегі жедел желі” жұмыс істейді, онда да тұтынушылардың шағымдануы үшін мекен-жайы мен телефондары көрсетілген.

Заң бұзушылық фактілері бойынша ақпараттар түбегейлі зерттеледі және тексерілетін болады.

Игорь ТАТАРЧЕНКО,

“СевКазЭнерго” АҚ-ның жұртшылықпен байланыс

жөніндегі бөлімінің қызметкері.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp