«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Алаяқтар алысқа кете алмады

Мамлют аудандық полиция бөліміне 76 жастағы кейуана арызданып, үйіне мемлекеттік қызметшімін деп алдап кірген екі әйел барлық жиған-терген ақшасы мен алтын заттарын қолды қылғанын айтқан.

Қарт әйел аудан орталығы Мам­лютканың түбіндегі Покровка ауы­лында тұрады. Келгендер оның жал­ғыз тұратынын және ақшалы екенін ал­дын ала білсе керек. Қолды бол­ған ақша мен мүліктің сомасы 580 мың теңге деп бағаланған. Әйелдің бағыттауымен полиция қызметкер­лері көп кешікпей күдіктілердің ізіне түсті.

Мамлют аудандық полиция бөлі­мі бастығының міндетін атқарушы, полиция майоры Жеңіс Темірбеков­тің айтуына қарағанда, күдіктілер мін­ген машина Жамбыл ауданына қа­рай жүрген. Көрші аудандағы әріп­тестерінің көмегімен тоқтатылған ма­шинада отырған екі әйелдің түр-кел­беті шынында күдіктілерге ұқсас бо­лып шыққан. Олар Мамлют ауданы­ның 42 жастағы тұрғыны мен Қоста­най облысының Ұзынкөл ауданында тұрған 48 жастағы бұрын сотталған әйел екен. Тексеру барысында олардан ұрланған заттар табылған.

Қазір күдіктілердің үстінен қыл­мыс­тық іс қозғалып, екеуі тергеу оқ­шаулағышына қамалды.

Жақсыбай САМРАТ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp