«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АЛАЯҚТАР ЖАТ ТҮГІЛ, ЖАҚЫНЫН ДА АЛДАЙДЫ

Облыстық ішкі істер департаменті криминалдық полиция басқармасының мүліктік қылмысты ашу бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Қанат Қасеновтің айтуынша, тұрғындар арасында алдын алуға бағытталған түсінік жұмыстарын жүргізудің арқасында 2014 жылы оның алдындағы жылмен салыстырғанда тіркелген алаяқтық оқиғалары 13,8 пайызға азайған. Атап айтқанда, 2013 жылы осы сипаттағы 710 оқиға тіркелсе, 2014 жылы 612 алаяқтық қылмысы жасалған.

Бұл ретте алаяқтық оқиғаларының көп ретте таныс адамдардың арасында орын алатынын айтуға тиіспіз. Сондықтан тәртіп сақшылары, тіпті, жақындарға да екеуара ауыс-түйісте сақтықпен қарауды ескертеді.  

Ольга ШИЯН,

облыстық ішкі істер департаменті

баспасөз қызметінің инспекторы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp