«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АЛАЯҚТЫҚТЫҢ АҚЫРЫ

Жалғанды жалпағынан басуға үйір жылпостар өз дегендеріне жету үшін небір айла-шарғыға барып жатады. Құлқындарының қамын ойлаған екі алаяқ 2009 жылдан бері жалған кәсіпкерлікпен айналысып келген. Сөйтіп, Александр Мазин мен Андрей Речута бірлесіп жауапкершілігі шектеулі серіктестік құрады. Ол “Фирма Брус Ресурс” деп аталады. Салық төлеуден жалтарған екі қудың ісі алғашқы сәттен оңға басқан.

“Дәніккеннен құныққан жаман” демекші, алақандары майлана түскен алаяқтар одан әрі де табыстарын еселеп молайта түсу үшін “Мелюр” атты тағы бір ЖШС-ін құрған. Одан кейін “ТД Вадман” деп аталатын серіктестік ашқан. Төртінші ЖШС де олардың арандары ашыла түскендігінен пайда болса керек.  

Ақыры не керек, асып-тасып жүрген бұл екеу заң органдарының назарына шалынып, кешікпей құрыққа іліккен. Мемлекетке келтірілген шығынның көлемі де аз емес, 466 252 528 теңгені құрайды. Қалалық соттың үкімімен Александр Мазин ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабының 2 “б” тармағы бойынша кінәлі деп танылып, 4 жылға бас бостандығынан айрылды. Оның сыбайласы да тиісті жазасын алып, 3 жылға сотталды. Сот шешімімен екеуінің де дүние-мүліктері тәркіленетін болды.

Қошан ҚАЛИ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp