
Өткен жылдың бірінші тоқсанында өңірде интернет-алаяқтыққа қатысты 68 факті тіркелсе, үстіміздегі жылдың басынан бері 34 заң бұзушылық болған. Соның 12-сі ашылды. Тәртіп сақшылары тұрғындарға интернет арқылы ақша жымқырудың әдістерін түсіндіру арқылы қылмыстардың алдын алу бағытында бірқатар жұмыстар атқаруда.
Десе де алаяқтарға сеніп, интернет кеңістігінде ақшаларынан айырылып жатқан адамдар әлі де бар. Адамдардың сеніміне кіру үшін олар түрлі айла-тәсілдерді қолданады. Әсіресе, “Instagram”, “ВКонтакте” әлеуметтік желілері арқылы пайда табу кең таралған. Қаскөйлер спорттық жарыстарға нақты болжамдар жасау туралы хабарландырулар орналастырып, тура әрі дұрыс болжам үшін алдын ала төлем сұрайды. Ақша қолдарына тиген соң олар байланысқа шықпайды. Петропавлдық полицейлер алты қала тұрғынын алдаған алаяқ әйелді анықтап, жәбірленушілерге ақшаларын қайтарды.