«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АЛАЯҚТЫҚ АЗАЯР ЕМЕС

Былтырғы жылдың қазан айынан бері Петропавл қалалық полиция басқармасындағы тергеу бөлімінің қызметкерлері “Алаяқтық” бабы бойынша облыс орталығының 39 жасар тұрғынын тергеуде. Қылмыстық іс 40 эпизодтан тұрады. Келтірілген шығынның мөлшері 13 миллион теңгеден асты. 

Айлакер әйел жоғары білім туралы куәліктер жасаумен айналысқан. Ол орта арнайы барлар үшін жедел оқыту топтарында оқуды ұсынған. Кейбір адамдар оған алданып қалды. 

Петропавл қалалық полициясы басқармасы бастығының орынбасары, полиция майоры Әлнұр Ахмедияровтың айтуынша, алаяқтың арбауына түскен адамдардың көпшілігі құқық қорғау органдарына бірден хабарламайды.
Өткен жылы облыс орталығында 232 алаяқтық оқиға тіркелді. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp