«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АЛАЯҚ ҚҰРЫҚТАЛДЫ

Облыс орталығының қарт тұрғындарын алдап, жеңіл жолмен олжаға

кенелуді ойлаған күдікті құрықталды. Ол зейнеткерлерге су үнемдеу құралын әлдеқайда арзан бағаға сатып алуды ұсыну арқылы пәтерлеріне кірген. Сөйтіп, қолайлы сәтті пайдаланып, үй иелерінің ақшаларын жымқырып кетіп отырған.

23 жастағы Тараз қаласының тұрғыны сөзі нанымды болуы үшін су жабдығының жалған құжатын көрсетіп, өзін әкімдік не қалалық сумен қамтамасыз ету мекемесінің қызметкері ретінде таныстырған. Ол алаяқтық жолмен Петропавл қаласының бірнеше тұрғынынан ақша жымқырғанын өзі де мойындап отыр.

(Өз тілшіміз).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp