Солтүстік Қазақстан облысында 40 жасар петропавлдық жанар-жағармай алатын жалған талондарды сатқаны үшін ұсталды. Мамлют аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Ғалым Байжановтың айтуынша алаяқты ұстауға алдын-ала жүргізілген ескерту шаралары мен тұрғындардың байқампаздығы өз көмегін тигізген.
Жалған талон сатушы Мамлютка қаласында ұсталды. Белгілі болғандай, жыл басында қаланың үш тұрғыны 100 литрлік 5 талонды сатып алған. Алданғандарын білсе де, полицияға хабарласпаған. Қазіргі таңда алаяқтық фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің тергеу амалдары жүргізілуде.