«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АЛАЯҚ ӘЙЕЛ ҰСТАЛДЫ

Петропавлда зейнеткерлерді алдап, алаяқтық әрекетін жүзеге асырып жүрген Астана қаласының 31 жастағы тұрғыны ұсталды. Ол өз құрбандары ретінде жалғызбасты сенгіш зейнеткерлерді таңдап отырған.

Мәселен, 79 жастағы тыл еңбеккері көшеде қасына келіп амандасқан жылы жүзді әйелден еш қауіптенбеген. Алаяқ әйел өзін пошта қызметкері ретінде таныстырып, мамыр айындағы мерекелерге орай 2500 теңге сыйақы әкелгенін айтып, зейнеткердің пәтеріне кірген. Босағадан аттаған әйел зейнеткерге жиған-терген ақшаларының жалған екенін айтып, оны тексерту үшін беруін сұраған. Сондай-ақ, зергерлік бұйымдарын да алған. Үй иесінен су сұрап, оны ас бөлмесіне жібергеннен кейін есіктен шығып жүре берген. Осындай жағдайға душар болған басқа да адамдар бар. Жедел-іздестіру шаралары кезінде аталмыш әйелдің еліміздің басқа өңірлерінде де дәл осындай қылмыс жасағаны үшін іздеуде жүргені анықталды.  

Бүгінгі таңда қажетті тергеу амалдары жүргізілуде. Ал күдікті уақытша тергеу оқшаулағышына қамалды.

Мәдина БАЛҒАШОҚОВА,

облыстық ІІД-нің баспасөз хатшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp