Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық департаментінің хабарлауынша, Тимирязев ауылдық округінің бұрынғы әкімі алаяқтық үшін сотталды.
Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет алаяқтық жасады деп айыпталған Тимирязев ауданының Тимирязев ауылдық округінің әкімі С.О.Байгужинге қатысты істі сотқа дейінгі тергеуді аяқтап, сотқа жоллдаған болатын. С.Байгужин Тимирязев аудандық ауруханасының бұрынғы жұқпалы аурулар бөлімшесінің қираған орнын бұзуға және бөлшектеуге рұқсат бергені үшін алаяқтық жолмен ақша алуға әрекет жасады деген күдікке ілінген-тін. 19 наурызда Тимирязев аудандық сотының үкімімен С.Байгужин 3 жылға бас бостандығынан және өмір бойы мемлекеттік қызмет атқару құқығынан айырылды.