Елімізде төтенше жағдай енгізілуіне байланысты Халыққа қызмет көрсету мен көші-қон қызметі орталықтары уақытша жабылды. Бұл шара коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу қажеттігінен туындады.
Халықтың көші-қоны желісі бойынша мемлекеттік қызметтер тек «электрондық үкімет» порталы арқылы көрсетіледі. Олардың қатарындағы аса сұранысқа ие қызметтердің бірі – Қазақстан Республикасының халқын тұрғылықты жері бойынша тіркеу және тіркеуден шығару болып саналады. Жыл басынан осы қызметті алу үшін 12194 солтүстікқазақстандық жүгінген – бұл көші-қон қызметі бөліністері көрсеткен қызмет көлемінің үштен бірі болып табылады. 7537 адам бұл қызметті Халыққа қызмет көрсету орталықтарына бармай-ақ алған, ол онлайн-режимінде «электрондық үкімет» порталында толық қолжетімді. Үйден шықпай-ақ шекаралас аумақтағы елді мекендерде тұрғылықты жері бойынша тіркеуді растайтын мәліметтерді ұсыну сияқты осындай қызметті ресімдеуге болады.
-Қазіргі уақытта бірқатар қызмет түрлерін онлайн-режіміне көшіру бойынша жұмыс атқарылуда. Әзірге бұл процесс аяқталған жоқ, – дейді облыстық көші-қон қызметі басқармасының бастығы полиция подполковнигі Талғат Әбілов. – Бұдан бөлек, адамдарды жауапкершілік туралы мәселе алаңдатады. Карантин кезеңінде техникалық себептерге байланысты құжаттарын ресімдеп үлгермегендер әкімшілік жауапқа тартылмайды.