Петропавлда мемлекеттік қызметшілер шағын футболдан сынға түсті.
Алғашқы болып жарыс алаңына “Даму” қоры мен облыстық кәсіпкерлер палатасының командалары шықты. Қарсыластарының қателіктерін ұтымды пайдалана білген “Даму” қорының футболшылары 2:0 есебімен жеңіске жетті.
Жарыстың қорытындысы бойынша облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының футболшылары жеңістің бірінші сатысына көтерілді. Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер грамоталармен және кубоктармен марапатталды.
(Өз тілшіміз).