Өткен демалыс күні Ғ.Мүсірепов атындағы ауданның орталығында “Ақ бидай – 2015” жазғы спорттық мерекесі аясында президенттік көпсайыстан жарыс өтті. Бәсекелі додаға 130-дан астам спортшы қатысты.
Сайыс қорытындысы бойынша алаң иелері жеңімпаз атанды. Мағжан Жұмабаев ауданы екінші болса, тайыншалықтар үшінші орынға ие болды.
(Өз тілшіміз).