Жуырда Уәлиханов ауданының орталығында футболдан облыс біріншілігі өз мәресіне жетті.
Аталмыш жарысқа өңіріміздің спорт мектептерінің 2000-2001 жылы туған тәрбиеленушілері қатысты. Бұл сайыста алаң иелері жеңімпаз атанса, Ақжар және Тайынша аудандарының былғары доп шеберлері тиісінше екінші және үшінші орынды еншіледі.
Қанат АТАМАНОВ,
“Солтүстік Қазақстан”.