
Синоптиктер 30 наурыз — 1 сәуір күндері ауа райы қандай болатынын айтты. Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын болады. «20 наурыздан астрономиялық көктемнің басталуымен ауа температурасының тез жоғарылауы күтіледі. Көктемгі ауа райының құбылмалы болуы циклондар мен антициклондардың тез алмасуымен байланысты. Сондықтан алдағы үш тәулікте Қазақстан бойынша жауын-шашын болжанып отыр», — деді «Қазгидромет» өкілдері.
Дереккөз: Tengrinews.kz.