«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АЛДЫМЫЗДА — ЖАУАПТЫ ШАҚ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын үстіміздегі жылдың 9 маусымында өткізу туралы шешімді орынды, әрі дер кезінде қабылдады деп ойлаймын.

Нұрсұлтан Назарбаев Мемлекет басшысы болған жылдары еліміз биік белестерді бағындырды. 30 жылға жуық кезеңде тәуелсіздігіміз беки түсті, мемлекетіміздің сыртқы саясаты тұрақтандырылды. Бүгінде әлемнің өркениетті елдері Қазақстанды экономикасы дамыған ел ретінде таниды. Ішкі тұрақтылықты нығайту шаралары назардан тыс қалған емес. Бұған еліміздегі өзге этнос өкілдерінің құқығы мен бостандығының сақталуы, олардың өз тілдерін ұмытпай, мәдениетін, салт-дәстүрін насихаттауға мүмкіндік алуы дәлел. Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласы әлем басшыларының ақыл қосып, пікір алмасатын ордасына айналды. Әлемдегі орын алған тұрақсыздық жағдайына қарамастан, Қазақстан экономикасы бірқалыпты қарқынмен өсіп келеді. Экономикалық көрсеткіштердің ілгерілеуіне негізінен ауыл шаруашылығы, өндіріс, инвестиция мен қызмет көрсету салаларының дамуы ықпал етті. Бұл орайда сыртқы сауда-саттық көрсеткіштері де кенжелеп қалған жоқ. Соңғы уақытта Қазақстанның экспорт көлемі 27 пайызға ұлғайғанын естіп, қуанып қалдым. Дүниежүзілік банк­тің Қазақстандағы тұрақты өкілі Ато Браун бір сұхбатында Қазақстандағы ішкі жалпы өнім өсімінің өткен жылғы көрсеткішіне талдау жасап, оның төрт пайыздық деңгей­де сақталғаны жөнінде айтқан болатын. “Жаһандық ахуалды ескерсек, көптеген елдердің даму көрсет­кішінде проблемалар бар. Бұл тұр­ғыда Қазақстан біршама жетістік­терге жетті. “Doing Business” рей­тингіндегі “адами капитал” и­н­дексінде өзінің позицияларын жақ­сартты”, – деген ол. Айта берсек, бізде ауыз толтырып айтарлықтай осындай тұстарымыз өте көп. Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың сындарлы саясатының арқасында осындай жетістікке қол жеткіздік. Алдағы уақытта да елдің тыныштығы, мемлекетіміздің әлемдік деңгейдегі абыройы сақталуы керек. Президентіміз атап өткендей, әлемдегі бүгінгі ахуал бұлыңғыр. Бұл – Отанымыздың қауіпсіздігіне сын. Болашақ Президент Нұрсұлтан Әбішұлының салып кеткен сара жолын лайықты жалғастыра алатын тұлға болады деген үміттемін. Осы орайда халық дұрыс таңдау жасайды деп ойлаймын. Жаңа басшысымен келешекке қадам басқан еліміз толайым табыстарға, келелі келісімдерге, ілкімді жобалар мен қаржылық жетістіктерге қол жеткізеріне сенім мол.

Ерғали ЗИЯБЕК, Мамлют аудандық Мәдениет үйінің әдіскері.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp