Қазан айының 2-сі күні облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметінің “101” нөміріне облыс орталығындағы “Семейный” гипермаркетінде өрт шыққаны туралы хабар түсті.
Оқиға орнына жедел жеткен өртсөндірушілер нысанның екінші қабатында орналасқан бутикте электр жылытқыш құрылғысы сымдарының қысқа тұйықталуынан төтенше жағдай орын алғанын анықтады. Құтқарушылар мен гипермаркет қызметкерлерінің бірлесе әрекет етуінің нәтижесінде тілсіз жау сүт пісірім уақытта ауыздықталды. Ғимараттан 140 адам сыртқа шығарылды.
Төтенше жағдай барысында ешкім зардап шеккен жоқ.
Аман ӘУЕСХАНОВ,
өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы.