«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АЛДЫН АЛУДЫҢ МАҢЫЗЫ ЗОР

Бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ерекше қарқын алып, оның алдын алу мақсатында кешенді шаралар жүзеге асырылуда. Қазақстанды дамыған отыз елдің қатарына қосу үшін қоғамның санасы таза болуы қажет.

Өткен жылы облыстық жер инспекциясы басқармасында да сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алуға бағытталған негізгі іс-шаралар жоспары әзірленген болатын. Қазіргі уақытта жоспардағы барлық іс-шаралар орындалуда. Атап айтқанда, өткен жылы басқарма басшылығы мен бөлім басшылары жер инспекциясының мемлекеттік қызметкерлерімен ақпараттық кеңестер өткізіп, Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасы талаптарын сақтау туралы әңгіме өрбіткен болатын.

Басқарма қызметкерлерімен “Мемлекеттік қызмет туралы”, “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы”, “Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы” Қазақстан Республикасының Заңдары бойынша мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен міндеттері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті жүзеге асырып жатқан органдар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте жәрдем көрсететін тұлғалардың дербес құқықтылығына кепілдер туралы дәрістер оқылды.  

Тоқсан сайын облыстық бұқаралық ақпарат құралдарында жер инспекциясы басқармасы басшылығының сенім телефоны, азаматтарды қабылдау кестесі, сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілермен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың және мемлекеттік қызметшілердің Ар-намыс кодексінің нормаларының бұзылуы туралы ақпарат қабылдау үшін басқарманың электрондық мекенжайы, веб-сайтының мекенжайы туралы мәліметтер жарияланады. Мемлекеттік мекемеде Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасы туралы жан-жақты ақпаратпен хабардар ететін арнайы бұрыш бар және азаматтармен заңды тұлғалардың жазбаша өтініштеріне арналған жәшік орнатылған.

2015 жылдың желтоқсан айында жер қатынастары саласында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оны жою мақсатында басқармада “Ашық есік күні” өткізілді.

Басқарманың интернет-ресурсында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бөлімі бар, онда Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асыру, көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары бекітілген. Облыстық жер инспекциясы басқармасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2016 жылға арналған іс-шаралар жоспары да орналастырылғанын айта кетуіміз керек.

Жанат ЖҰМАБЕК,

облыстық жер инспекциясы

басқармасының құқықтық қамтамасыз ету бөлiмiнiң басшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp