Құқық тәртібін бұзудың алдын алу жөніндегі полицейлер мен педагогтердің бірлескен іс-қимылдары нәтижесінде биыл жасөспірімдер жасаған қылмыстар 19,6 пайызға кеміген.
Сонымен қатар үстіміздегі жылы полицияда есепке қойылған тәртібі нашар балалар саны да айтарлықтай азайған көрінеді. Былтырғы жылдың сәйкес мерзімінде бұл көрсеткіш 212 болса, биыл 131 жасөспірім тіркелген.