«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Алдын алу шаралары

Өрт – әдетте материалдық шығынмен және психологиялық күйзеліспен аяқталады. Егер қауіпсіздік ережесі сақталса, онда осының бәрінің алдын алуға болады.

Үстіміздегі жылдың басынан бері Шал ақын ауданының аумағында 14 өрт және 31 құрғақ шөптің жануы тіркелді. Төтенше жағдайдың алдын алу мақсатында Сергеевка қаласындағы №20 өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамы халықпен жұмыс істеудің тиімді әдісін қолдана отырып, тұрғындарға қауіпсіздік ережесін түсіндіріп, жадынамалар мен парақшалар таратты. Халыққа өрттің алдын алу және жою, өрттен кейінгі қайғылы жағдайлар туралы айтты.

Өрт бөлімінің офицерлері мен қатардағы жауынгерлері ауданның төтенше жағдайлар жөніндегі бөлімінің қызметкерлерімен және полиция инспекторларымен бірлесе отырып, Сергеевка қаласында, Мерген, Жалтыр, Жаңаталап, Қаратал және Ыбыраев ауылдарында газ, электр құрылғыларын, пешті пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздігінің қарапайым да тиімді ережелерін түсіндірді.

Болат ӘБІШЕВ,

Сергеевка қаласындағы №20 өрт сөндіру бөлімінің бастығы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp