«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АЛДЫН АЛҒАН АБЗАЛ

Туберкулез – қауіпті инфекциялық ауру. Ресми мәліметтерге сүйенсек, әлемде шамамен жылына 9 миллион адам құрт ауруына шалдығады. Соның отыз пайызы әртүрлі асқынулардан көз жұмады. 

Петропавл қалалық пробация қызметінің мамандары қоғамнан оқшаулаусыз жазасын өтеп жатқан адамдар арасында туберкулездің алдын алу мақсатында көшпелі флюорографиялық тексеру ұйымдастырды. 

Жазасын өтеуші алпыс бір адам флюорографиялық тексеруден өтті. Олардың бұл ауруға шалдыққандары анықталса, науқастарға тегін медициналық көмек көрсетіледі.
 

Азамат ШАЯХМЕТОВ,
Петропавл қалалық пробация қызметі
бөлімінің инспекторы, әділет аға лейтенанты.  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp