«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АЛЕКСАНДР ЕРЛЕДІ

Жерлесіміз, Лондон Олимпиадасының чемпионы Александр Винокуров Францияның астанасы – Париж қаласында өткен 43-ші халықаралық марафонда бақ сынады.

Дәстүрлі сайысқа әлемнің әр түкпірінен 60 мыңға жуық атлет қатысты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, 42 шақырымды құрайтын жарыс жолы асқан төзімділікті қажет етеді. Сондықтан жерлесіміз ғасырлық тарихы бар сайысқа тыңғылықты дайындалған. Нәтижесінде Александр Винокуров аталған қашықтықты 2 сағат 55 минутта еңсерді. Эфиопиялық және кениялық желаяқтар мәре сызығын алғашқы болып кесті.
“Astana Pro Team” кәсіби велокомандасының бас менеджері мұндай шараға бірінші рет қатысып отырған жоқ. Ол былтыр “IRONMAN” супертриатлонында бақ сынап, Қазақстан рекордын жаңартқан болатын.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp