
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елімізде коронавирустың таралуына жол бермеу мақсатында әуе қатынасын тоқтатуды ұсынып, рейс санын азайтуды сұрады.
«Шет мемлекеттердегі жағдайдың күрделенуіне байланысты әрі инфекцияның таралмауына жол бермеу мақсатында 5 қазаннан басқа елдерге ұшатын қосымша рейстерді жандандыруды тоқтата тұруды ұсынамын. Әуе қатынасы жанданған елдермен рейстер санын арттырмау керек және Түркияға ұшатын рейстер санын азайту керек», — деді министр Үкімет отырысында.
https://egemen.kz