“Бұрынғы күйеуім бір жылдай балаға алимент төлеп келген болатын. Соңғы бірнеше ай бойы төлем жасаудан жалтаруда. Қайда жұмыс істейтінін білмеймін. Борышкерді заң аясында қалайша жауапкершілікке тартуға болады?”.
Әсия,
Петропавл қаласының тұрғыны.
Борышкер алиментті үш ай бойы және одан артық мерзім ішінде төлемеген жағдайда өндіріп алушы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 139-бабы бойынша борышкерді жауапкершілікке тарту туралы өтінішпен сотқа жүгінуге құқылы. Аталған бапқа сәйкес қашқын әкеге екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылатын болады.
Қылмыстық кодекстің 139-бабында көзделген қылмыс жеке-жариялық іске жатады және жәбірленушінің өтініші бойынша ғана қозғалады. Сол себепті егер де борышкерді жауапкершілікке тартқыңыз келсе, онда сотқа арызданғаныңыз жөн. Ол үшін жазбаша жүгіну арқылы сот орындаушыларынан қажетті құжаттарды алу қажет.
Сот орындаушысы “Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы” Қазақстан Республикасы Заңының 99-бабына сәйкес алименттер бойынша берешек мөлшерін борышкердің жалақысының негізінде белгілейді.
Егер борышкер жұмыссыз болса немесе оның табысын растайтын құжаттар ұсынылмаса, онда алимент берешегі Қазақстан Республикасындағы орташа айлық жалақы мөлшері негізге алынып, айқындалады.
Ольга ВАСИЛЬЕВА,
облыстық әділет департаментінің
алимент төлемдерін өндіріп алу жөніндегі бөлім басшысы.